Полезное для паломника
Негізгі / Полезное для паломника

Шет елге шығушыларға Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігінен жадынама

16 Февраля, 2015

Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Минисрлігінің Елшілік қызметі Қазақстан азаматтарына шет елге шығу үшін құжат рәсімдегенде және шет елде жүрген уақытта мына ережелерді сақтауға кеңес береді:

1. Төлқұжатты алған кезде тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының, туған жылыңыз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтің дұрыс жазылғандығын ( егер олар сізбен бірге еріп бара жатса), төлқұжаттың жарамдылық мерзімін (латын транскрипциясында жазылуын да ) тексеріңіз. Төлқұжатта балалардың аты-жөндері жазылған жерінде суреттері де жабыстырылуы керек. 

2. Егер шет елге бару үшін виза қажет болса, оны алу үшін өзіңіз немесе сенімді турагенттіктің өкілі Қазақстан Республикасында орналасқан сол мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе елшілік мекемесіне баруы керек. 

3. Шет ел мемлекетінің визасын алғаннан кейін, онда көрсетілген мерзімдердің дұрыстығын тексеріңіз яғни төлқұжатыңыздың нөмірін, аты-жөніңізді, туған жылыңызды, визаның санатын, шет елге келгендегі мәртебеңізді, визаның жарамдылық мерзімін қарап шығыңыз. 
Визадағы кез- келген қате - елімізден шығарда және шет елге барғанда күтпеген қиындықтар туғызады. 

4. Сапар барысында өзіңізбен бірге, төлқұжат көшірмесін, визаны, егер бар болса шет елге шақыртқан қағазды алып алыңыз. 

5. Кей мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ( Шенген келісіміндегі Израиль, Финляндия, Эстония мемлекеттері) ол елдердің аумағына өту үшін немесе виза алу үшін міндетті медициналық сақтандыру полисін көрсету талабы енгізілген. 
Сол сияқты аумағына өту үшін салынған екпелер туралы сертификатты талап ететін бірқатар мемлекеттер бар. (ҚХР, Сауд Арабиясы). Сондықтан баратын мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайынан алдын ала құлақдар болуға кеңес береміз.

6. Шет елдің шекарасына өткеннен соң, Сіз сол елдің заңына бағынасыз. 
Сонымен қатар, сіз келген елдің Азия мен Африка елдері тұрғындарының жергілікті салт- дәстүрін сыйлау керектігіңізді ескертпекпіз.

7. Есіңізде болсын, қандай да бір жағдайлармен сол елде құрықталып немесе қамалсаңыз сіз Қазақстанның елшілік мекемесінің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқылысыз. 
¬Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе елшілік мекемесі жоқ елдерде Сіз Ресей Федерациясының тиісті мекемесіне көмек сұрап жүгінсеңіз болады. 

8. Шет елге оқуға, жұмыс істеуге, не тұрақты тұру үшін барған азаматтарға Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе елшілік мекемесіне жақын жерге тіркеуге тұруға кеңес береміз. Тіркелу сіз келген елдің шекарасынан кетпей тұрып көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. ( Сайлау мен референдумдарға қатысуға, төлқұжат рәсімдеуде, азаматтық ахуалдың актілерін тіркеуде және т.с.с.). Сондай-ақ, келген елде әскери жағдай, жаппай тәртіпсіздік және табиғи апат орын алған кезде сіздің қайтуыңызды жеделдетеді. 

9. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрып жатқандардың Қазақстан азаматы екенін растайтын төлқұжаты берілген күннен бастап бес жыл жарамды екенін еске саламыз. ¬Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе елшілік мекемесінде жаңа төлқұжатты рәсімдеу уақыты бір айдан кем емес. 

10. Шет елге жұмыс істеуге бара жатқан азаматтарға Сізді шақырған шет елдік компанияның және делдал фирманың сенімді екенін тексеруге кеңес береміз. Қазақстан азаматтарын шет елге жұмыс істеу үшін шекара асуын рәсімдейтін Қазақстан Республикасындағы барлық компаниялар тиісті рұқсат қағазын алады. 

11. Халықаралық сарапшылардың мәліметі бойынша, жыл сайын Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің мыңдаған азаматтары оңай алданып құрыққа түсіп, құл болу үшін, не болмаса жезөкшелікке және тағы басқа қылмыстық іске шегілу үшін шет ел асады екен. Қылмыстық топтар өздерінің жымысқы ойларын жүзеге асыру үшін әдетте, тиімді жұмыстар туралы газетке хабарландырулар беріп, ірі компаниялардың атымен болашақ құрбандарын тұзаққа түсіреді. Олар сән агенттіктері, саяхат бюросы, жұмысқа орналастыру орталықтары, би клубтары мен халықаралық танысу қызметтері және т.с.с. заңды ұйымдардың атын жамылып жұмыс істейді. Қандай да бір компания сізбен келісімшарт жасасқанда ұйымның Сізден алып жатқан ақшаны келісімшарт мерзімі аяқталғанша сақтауға міндеттелетіні және сақтаулы ақшаның ішінен сізге тиесілісін беріп, қалғанын пайыз үшін ұстап қалатыны жазылған тармақты мұқият оқып шығыңыз.
Отбасыңызға және достарыңызға шет елге кететін күнді айтып қойыңыз, және оларға шет елдегі тұрғылықты мекен- жайыңызды, Сіздің шет елге шығу құжаттарыңызды рәсімдеген фирманың мекен- жайы мен телефонын оның басшыларының ата- жөнімен төлқұжатының мәліметтерін беріңіз. 

Сондай-ақ, мына ережелер мен кеңестерді қаперде ұстаңыз:
- Өзіңіздің төлқұжатыңызды ешкімге сақтауға бермеңіз. 
- Құжаттарыңыздың көшірмесін қауіпсіз жерде сақтаңыз. 
- Қазақстанның елшілігі мен консулдығына барып есепке тұрыңыз. 
Шет елге келгеннен кейін Қазақстандағы отбасыңыз немесе достарыңызбен хабарласыңыз. Мүмкіндігінше олармен, телефон, пошта, интернет арқылы жиі хабарласып тұрыңыз. 

12. Шет елге оқуға, жұмысқа, немесе тұрақты тұру үшін кетпестен бұрын құжаттарыңызды заңдастырып және апостилдеңіз. Ең алдымен, білім алуге қатысты, АХАЖ органдары берген куәліктер және мүлікке қатысты және әлеуметтік қамтамассыз ету мәселелеріне қатысты құжаттарды рәсімдеңіз. 

13. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде шет елдік азаматпен некеге отыруды жоспарлаған адамдар құжаттарын алдын ала неке тіркелетін елдің заңнамасына сәйкес заңдастырып (апостильдеу) алуы тиіс.

Ескертеміз, Қазақстан Республикасының шет елдегі консулдық мекемелері Қазақстан және шет ел мемлекетімен жасасқан екі жақты консулдық конвенцияларына сәйкес, тараптардың біреуінде ғана Қазақстан Республикасының азаматтығы болса, некені тіркеуді бас тартуы мүмкін. 
Ондай жағдайда келген елдің құзырлы органдарында некені тіркеулері тиіс. Некені тіркеу туралы куәлік халықаралық келісімшартта қарастырылмаған жағдайда Қазақстан аумағында жарамды болуы үшін Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде заңдастыру керек.

14. Шет елде некелесуге немесе шет елдік күйеуімен сол елде тұрғысы келетіндерге шет елдіктердің құқықтық ахуалының ерекшеліктерімен алдын ала танысып алғандары дұрыс. Кей елдерде шет елдіктердің құқықтары мен міндеттері Қазақстандық құқықтық базаға қарағанда өзгешелеу екенін ескерген жөн. Шет елдікпен некеден туылған балалардың құқықтық мәселелеріне және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы мен ата-аналары ажырасқан жағдайда олардың құқықтарын айқындау ерекшелігіне баса мән беру керек.

15. Шет елге тұруға бара жатқан зейнеткерлер зейнетақысы турасында баратын елдегі әлеуметік қамтамассыз ету органдарымен алдын ала сөйлесіп алғаны жөн.
ҚР СІМ КҚД Қазақстан азаматтарына шет елге сапарлау кезінде жоғарыда айтылған ережелерді ұстануларын тағы бір рет ескертеді. Қандайда бір күтпеген жағдай болса, Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық өкілдігіне және консулдық мекемелеріне көмек сұрап барулары керек.

Вас интересует хадж или умра?
Собираетесь совершить хадж в 2015 году или только планируете? Свяжитесь с нами, и мы подскажем что для этого требуется и ответим на другие вопросы касающиеся хаджа и умры.
+7 (727) 390-40-40     hickmet.info@gmail.com
Қажылық жаңалықтары
Сауабы қажылықпен тең 5 іс
17 Марта, 2016
Қажылық – әрбір мұсылман өмірінде бір рет атқаруы тиіс бес парыздың бірі. Келесі аталған 5 амалға қажылыққа барғандай сауап жазылады.
Қажылардың жоғалу себептері анықталды
14 Марта, 2016
Сауд Арабиясы «әл-Харам» мешіті мен Мекке қаласының орталық ауданында қажылардың жиі жоғалу себептерін анықтады.
Қажылыққа барғысы келетіндерге денелерін шынықтыруға кеңес берді
14 Марта, 2016
Нигерияның Ондо штатының мұсылман қажыларының қайырымдылық қоры өкілдері қажылық парызын орындағысы келетіндерге алдын-ала дене шынықтыру жаттығуларын жасауға шақырып, ресми үндеу жариялады.
60 жылда Дубай қалай өзгерген
9 Марта, 2016
Бүгінгі таңда Дубай — көк тіреген үйлері бар үлкен мегаполис. Оның сөз жетпес ғимараттары бұлттардан да биік көтерілген! Тарихқа үңілсек Дубай 1833 жылы негізі қаланып, халқының саны 800 адам еді.
Қажылығын еңбектеп өтеген (видео)
22 Февраля, 2016
Видеода қажылық парызын өтеп жүрген мүмкіндігі шектеулі жанның қай елдің тумасы екені немесе оның кім екені турасында ақпарат жоқ.
МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ МУЗЕЙ АШЫЛАДЫ (ФОТО)
15 Февраля, 2016
Қасиетті Мекке шаһарында Ислам дініне арналған ерекше музей ашылатын болады. Харам мешітінен жеті шақырым қашықтықта орналасатын бұл музейдің жалпы аумағы 5600 шаршы метрді құрайды. Музей Ислам дінінің тарихы мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайы баяндайтын болады.
ТУРИЗМ: Мың құбылған мешіттер көз жауын алады (фото, видео)
15 Февраля, 2016
Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында Sharjah Light дәстүрлі фестивалі болып өтті.
Жындар мешіті қайда орналасқан?
15 Февраля, 2016
Жындар мешіті қасиетті Мекке қаласында, дәлірегі, Жаннатүл-Муалла мазарынан «Харам» құлшылық үйіне апаратын жолдың оң жағында орналасқан...
Қағбаның айналасын қалқаламақ
9 Февраля, 2016
Сауд Арабиясының билігі Харам мешітіндегі қасиетті Қағбаның айналасын көлеңкелейтін қалқа құрылысын қолға алуда.
ҚАЖЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ
8 Февраля, 2016
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрдің мәлімдемесіне сүйенсек, қасиетті қос шаһардың қақпасы ирандықтар үшін қайтадан айқара ашылған.
Басқа да жаңалықтар
17 Марта, 2016.  Сауабы қажылықпен тең 5 іс
14 Марта, 2016.  Қажылардың жоғалу себептері анықталды
14 Марта, 2016.  Қажылыққа барғысы келетіндерге денелерін шынықтыруға кеңес берді
9 Марта, 2016.  60 жылда Дубай қалай өзгерген
22 Февраля, 2016.  Қажылығын еңбектеп өтеген (видео)
15 Февраля, 2016.  МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ МУЗЕЙ АШЫЛАДЫ (ФОТО)
15 Февраля, 2016.  ТУРИЗМ: Мың құбылған мешіттер көз жауын алады (фото, видео)
15 Февраля, 2016.  Жындар мешіті қайда орналасқан?
9 Февраля, 2016.  Қағбаның айналасын қалқаламақ
8 Февраля, 2016.  ҚАЖЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ
Медиа
  Біздің қажыларымыздың пікірлері
  Видеоролик о наших услугах
  Сура "Аль-Хадж"
  ХАДЖ 2014 ГОДА (186 фото)
Қажыларға нұсқаулық
Қажыларға нұсқаулық
Көлік пен байланыс
Өзіңмен бірге не алу қажет?
АҚША МЕН САУДА-САТТЫҚ
РУКОВОДСТВО ПАЛОМНИКАМ ОТ МИД САУДОВСКОЙ АРАВИИ

Start typing and press Enter to search