Полезное для паломника
Негізгі / Полезное для паломника

АҚША МЕН САУДА-САТТЫҚ

16 Февраля, 2015
Сауд Арабиясы - арзан мемлекет емес, бірақ шығындарды жоспарлайтын болсаңыз, аз ақша жұмсауға болады. 
Валютаны банктер мен жекеменшік ақша айырбастау пунктінен айырбастап алуған жөн. Онда тиімді курспен айырбастап ала аласыз. Сауди Каиро Банк банкоматтарынан несие картасынан ақша шешуге болады. Ақшаның айырбасы туралы түбіртекті лақтырмаңыз, өйткені оны сізден сұрау мүмкін. Мейрамханаларда шәйға деп ақша қалдыру міндетті емес. Сондықтан қалдыру қалдырмау өз еркіңізде. Бірақ сізге ұсынған есепке даяшылардың қызметі кірмейді. Сол үшін мүмкіндік болса, есепті төлегенде бірнеше риалды қосса салыңыз. Кей базарларда бағасына келісуге болады. Бәдуиндердің базарында емін- еркін саудаласуға болады ал басқа жерлерде бағасын түсіруді сұрасаңыз сізге бір рет қана төмендетеді, содан кейін сіз тауарды не сатып аласыз не ала алмай кетесіз.

Валюта

Сауд Арабиясының басты ақша бірлігі - сауд риалы (SR). Ол 100 халалахтан тұрады. Айналымда 1, 5, 10, 20, 50, 100, 500 риалдан тұратын банктік ақша таңбалары бар. Қалтаға жекеменшік таксиге төлеуге және жеміс пен шырын тағы басқаларын сатып алу үшін майда купюралар мен тиындар салып жүруге кеңес береміз.

Қонақүйде тұру құны

1. Бір күндік тамақтану кұны шамамен: экономды 3-5$, орташа 10-20$, жоғарығы санаттағысы 20 $ және жоғары.

- Су (1л) - 1 SR
- Шырын - 1-2 SR
- Балмұздақ- 2 SR
- Сүт (1л) - 3-4 SR
- Көкеністі түскі ас - 5-7 SR
- Етпен түскі ас - 10-15 SR
- Қуырылған тауықты түскі ас - 10-12 SR
- Тауық-гриль түскі ас - 12-15 SR
- Шай- 1 SR
- Шаверма - 2,5 ден 4 SR дейін 

Аз қамтылған және үнемді қажылық өтеушінің тамақтануына кеңес: Шаверма + шай (әл-Харам ауданында арзан , бәдуиндер базарының қасында). Мұндай тамақтану күніне 3$ жуық. Шайдың орнына су тегін Зәм-Зәмді ішуге болады. 

2. Жатын орынның шамамен бағасы: экономы 5-20$, орташа 20-60$, жоғары санаттағысы 60$.

3. Киім
- Жейде - 10-15 SR
- Ерлердің жиләбиясі - 10-15 SR
- Әйелдер көйлегі- 10-50 SR

4. Қызметтер
- Такси (Мекке-Мәдина) - 50-60 SR
- Шаш қидыру - 10 SR

Банктік карталар 
 
Саудтық банктердің бөлімшелерінде халықаралық төлем жүйелерінің банктік карталарын қабылдайтын банкоматтар бар. Пластикалық карталар сөзсіз сіздің саяхатыңызды жайлы етеді. Пластикалық карталарды қолданудың артықшылықтарын атап өткен жөн. Олардың артықшылығы мыналар:

- Есепті қолма қол емес, карта бойынша жасау ыңғайлы. Оның көмегімен есепті басқаруға болады, банкоматтан қолма қол шешуге болады және дүкеннен сауда жасауға да қолайлы. Әрі сізді «Өзіммен бірге қанша ақша алып алсам екен?» деген сұрақ мазаламайды.

- Қаражатты сақтау қауіпсіздігі. Бұған қоса, картаны жоғалтып алу, ақшаны жоғалтып алу деген сөз емес. Карта - бұл сіздің банктегі қаражатыңызға қол жетімділік құралы ғана. Картаны жоғалтқан жағдайда жоғалған картаның жұмыс істеуін тоқтатып, жаңасын қайта жасатасыз.

- Шет елде пайдалану ыңғайлылығы. Халықаралық карталарды қолданушылар шекарадан асқан кезде ішіндегі қаражатын декларация жасатуы қажет емес
- Банкоматтан кез- келген валютаны нақтырақ айтсақ, сіз келген елдің валютасын шешіп ала аласыз. Ақша қаражаттарының конвертациясы автоматты түрде карта алынған мемлекеттің төлем жүйесінің курсы бойынша жүзеге асырылады.

Конвертация кезінде сондай көп шығын шықпайды.
Назар аударыңыз! Пластикалық картаны айналысқа (эмитирование) шығаратын банкті таңдаған кезде карта шотындағы қаражаттарға пайыз қосылу немесе қосылмау жағын сұрап алыңыз. Исламда банктік пайызға рұқсат етілмейтінін естен шығармаңыз. Сондықтан банктік пайыз қосылмайтын ақшаға карта ашыңыз. 
Дұрысы, карта шотын ақшаны толтыруға және оны сақтауға ыңғайлы валютада яғни- теңгеде ашқан жөн. Егер шет елде аяқ астынан ақша таусылып қалса, сіздің теңгелік шотыңызға таныстарыңыз бен туыстарыңыз ақша сала алады. 
Банк, дүкен, мейрамханалардың жұмыс істеу уақыттары:
Мемлекеттік мекемелер таңғы 7.30- дан 14.30 дейін, үзілістен кейін 16.30 - дан 19.00 дейін жұмыс істейді. Банктер таңғы сағат 8.00- ден 12.00 дейін, үзілістен кейін 16.30 - дан 19.00 дейін істейді. Базарлар мен дүкендер 21.00 дейін ашық болады. Мейрамханалар мен кафелердің көбісі қажылық уақытында таңғы сағат 9.00 түнге дейін жұмыс істейді. 
Сауд Арабиясында демалыс күндері - бейсенбі және жұма. Ислам күнтізбесі бойынша жылына екі рет ресми мейрам тойланады. Бұл күндері мемлекеттік мекемелер, жеке фирмалар, мектептер мен университттер жұмыс істемейді. Ид әл-Фитр - Рамазан айының 25-нен Шауал айының 5-не дейін созылады. Ид әл-Адха - зүл-хиджа айының 5- нен 15- дейін болады. 
Сауда -саттық 
Қажылық кезінде әл-Харам мешітіне баратын көшелердің барлығы базарға айналады. Ол жерлерден әлемнің түкпір - түкпірінен әкелінген тауарларды көруге болады. Өйткені, қажылық өтеп жүріп сауда жасауға тиым салынбаған. Базарда міндетті түрде саудаласыңыз. Бұдан кейін сол не өзге затты жиі екі есе, кейде төрт есе арзан бағада сатып аласыз. Аджауа сұрыпындағы медициналық құрманы сатып алуды ұмытпаңыз. Алайда сауда- саттыққа әуестеніп кетпеңіз, өйткені қажылық ол шоп- тур емес. Әл-Харам мешітін артқа тастап, базарда көп уақыт өткізгеннен кейін сіздің иманыңыздың әлсіреп, санаңызды күйкі тірлік билеп алғанын байқайсыз. Шайтанның сізді арбауына жол бермеңіз!

Вас интересует хадж или умра?
Собираетесь совершить хадж в 2015 году или только планируете? Свяжитесь с нами, и мы подскажем что для этого требуется и ответим на другие вопросы касающиеся хаджа и умры.
+7 (727) 390-40-40     hickmet.info@gmail.com
Қажылық жаңалықтары
Сауабы қажылықпен тең 5 іс
17 Марта, 2016
Қажылық – әрбір мұсылман өмірінде бір рет атқаруы тиіс бес парыздың бірі. Келесі аталған 5 амалға қажылыққа барғандай сауап жазылады.
Қажылардың жоғалу себептері анықталды
14 Марта, 2016
Сауд Арабиясы «әл-Харам» мешіті мен Мекке қаласының орталық ауданында қажылардың жиі жоғалу себептерін анықтады.
Қажылыққа барғысы келетіндерге денелерін шынықтыруға кеңес берді
14 Марта, 2016
Нигерияның Ондо штатының мұсылман қажыларының қайырымдылық қоры өкілдері қажылық парызын орындағысы келетіндерге алдын-ала дене шынықтыру жаттығуларын жасауға шақырып, ресми үндеу жариялады.
60 жылда Дубай қалай өзгерген
9 Марта, 2016
Бүгінгі таңда Дубай — көк тіреген үйлері бар үлкен мегаполис. Оның сөз жетпес ғимараттары бұлттардан да биік көтерілген! Тарихқа үңілсек Дубай 1833 жылы негізі қаланып, халқының саны 800 адам еді.
Қажылығын еңбектеп өтеген (видео)
22 Февраля, 2016
Видеода қажылық парызын өтеп жүрген мүмкіндігі шектеулі жанның қай елдің тумасы екені немесе оның кім екені турасында ақпарат жоқ.
МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ МУЗЕЙ АШЫЛАДЫ (ФОТО)
15 Февраля, 2016
Қасиетті Мекке шаһарында Ислам дініне арналған ерекше музей ашылатын болады. Харам мешітінен жеті шақырым қашықтықта орналасатын бұл музейдің жалпы аумағы 5600 шаршы метрді құрайды. Музей Ислам дінінің тарихы мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайы баяндайтын болады.
ТУРИЗМ: Мың құбылған мешіттер көз жауын алады (фото, видео)
15 Февраля, 2016
Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында Sharjah Light дәстүрлі фестивалі болып өтті.
Жындар мешіті қайда орналасқан?
15 Февраля, 2016
Жындар мешіті қасиетті Мекке қаласында, дәлірегі, Жаннатүл-Муалла мазарынан «Харам» құлшылық үйіне апаратын жолдың оң жағында орналасқан...
Қағбаның айналасын қалқаламақ
9 Февраля, 2016
Сауд Арабиясының билігі Харам мешітіндегі қасиетті Қағбаның айналасын көлеңкелейтін қалқа құрылысын қолға алуда.
ҚАЖЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ
8 Февраля, 2016
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрдің мәлімдемесіне сүйенсек, қасиетті қос шаһардың қақпасы ирандықтар үшін қайтадан айқара ашылған.
Басқа да жаңалықтар
17 Марта, 2016.  Сауабы қажылықпен тең 5 іс
14 Марта, 2016.  Қажылардың жоғалу себептері анықталды
14 Марта, 2016.  Қажылыққа барғысы келетіндерге денелерін шынықтыруға кеңес берді
9 Марта, 2016.  60 жылда Дубай қалай өзгерген
22 Февраля, 2016.  Қажылығын еңбектеп өтеген (видео)
15 Февраля, 2016.  МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ МУЗЕЙ АШЫЛАДЫ (ФОТО)
15 Февраля, 2016.  ТУРИЗМ: Мың құбылған мешіттер көз жауын алады (фото, видео)
15 Февраля, 2016.  Жындар мешіті қайда орналасқан?
9 Февраля, 2016.  Қағбаның айналасын қалқаламақ
8 Февраля, 2016.  ҚАЖЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ
Медиа
  Біздің қажыларымыздың пікірлері
  Видеоролик о наших услугах
  Сура "Аль-Хадж"
  ХАДЖ 2014 ГОДА (186 фото)
Қажыларға нұсқаулық
Қажыларға нұсқаулық
Көлік пен байланыс
Өзіңмен бірге не алу қажет?
Шет елге шығушыларға Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігінен жадынама
РУКОВОДСТВО ПАЛОМНИКАМ ОТ МИД САУДОВСКОЙ АРАВИИ

Start typing and press Enter to search