Полезное для паломника
Негізгі / Полезное для паломника

Өзіңмен бірге не алу қажет?

16 Февраля, 2015, © Хикмет Тревел
Жолға алып шығатын заттарды іріктеп керектісін ғана алу керек. Корольдіктегі қасиетті жерлерді аралауға баратын қажылық өтеушілерге, ауыстыратын киімдері мен тазалыққа керек заттар мен дәрі салғыш секілді ең қажетті заттар бар шағын багаж алу керек. Ал егер бір заттарды ұмытып кетсеңіз, сол затты барған жерден де сатып алуға болады. Төменде сапар барысында қажет болатын заттардың тізімі ұсынылған.

1. Ихрам.
Ерлердің ихрамы тігілмеген екі бөлікті ақ матадан тұрады. Ол мақта мата болғаны дұрыс немесе табиғи талшықтан жасалған, ауа өткізетін, суды сіңіретін басқа материал болса да болады. Оның үстіне түкті мата түнгі уақытта жылы болады. Бірақ ихрамды Мәдина немесе Миқаттың өзінен де ихрамды сатып алуға болады. Егер сіз Қажылыққа Мәдина арқылы баратын болсаңыз,онда Мәдинадағы қонақүйде ғұсыл алып, ихрам кигеніңіз дұрыс. Ал егер ұшақпен баратын болсаңыз, кей жағдайда ихрамды ұшақта кисеңіз болады.Сондықтан, ихрамды алдын ала дайындап, жол жүру бағытын алдын ала білген дұрыс. Ал әйел адамдарға қолы мен бетінен басқа жерін жауып тұратын кез келген қарапайым киюлеріне болады. Киер киімнің тым жұқа болмағаны жөн. Шаш пен иек жабық болуы үшін баста орамал болуы шарт. Сол жердің ауа-райында ыңғайлы, қажылық талаптарына сай киімді Сауд Арабиясында да қымбат емес бағада сатып алуға болады.


2. Жолға ең қажетті заттарды ғана алған жөн.
Әйелдерге, егер болса, ихрам ретінде мақта матадан тігілген ақ көйлек (төмені жағына дәл сондай кең балақты шалбар) алуға болады. Мұндай киімді Мекке мен Мәдинанадан да алуға болады. Әйел адам Қажылықты Шариғат талабына сай, күнделікті киіп жүрген кез келген киімде өтеуіне болады. Басқа салатын орамалдың табиғи матадан болғаны абзал. Ең ыңғайлы орамал ол - кимешек. Өйткені, адамдар кептелісі көп жерде (әсіресе, тауап, сая, тас лақтыру кезінде) орамал мен шарфтарды түйрейтін түйрегіш пен инелер түсіп қалуы мүмкін.


3. Бір аптаға арналған ауыстырып киетін киім алу қажет.
Ол жақта киімдерді жуатын жағдай бар. Бірақ, қажылық кезінде киімдерді арнайы жудырып, үтіктету өте қымбат тұратын қызмет болғандықтан, өзіңіз жасауға дайын болыңыз.

4. Жеңіл әрі ыңғайлы аяқкиім киіңіз.
Аласа өкшелі, жабыстырғышы мен замогы бар спорттық аяқкиім таңдаған дұрыс. Себебі, бауы бар аяқкиім сізге қиындық туғызуы мүмкін. Өкшесі аласа аяқкиімдер, адамдар көп жерде және ары -бері жүргенде (Арапа жәнем Жебел-нұр және т.б.) ыңғайлы болады. Арты жоқ аяқкиім киімеу керек. Тығылысқан адамдар арасында жыртылып, жоғалып қалуы ықтимал.

5. Міндетті түрде жылы киімдер алыңыз.
Кофта, свитер, жүннен тоқылған шұлық, күртеше алуы қажет. Өйткені, биылғы қажылық өтеу қыс мерзіміне тұспа тұс келгендіктен таңертең мен кешке температура түсіп кетуі мүмкін. Шатырда түнеу кезінде ұйқыға арналған қап таптырмас зат. Сондықтан кез келген спорттық дүкендерден көп орын алмайтын шағын түрін ғана сатып алыңыз. Себебі, тас лақтыру рәсімінде өте үлкен заттарды алуға рұқсат етпейді.

6. Шамадан.
Қажылыққа аттануға жиналғанда мықты әрі қатты шамадан не жол сөмке сатып алуды ұмытпаңыз. Пластик немесе клеенкадан жасалған сөмке алмаңыз, қысылтаяң мезгілде жыртылып қалуы әбден мүмкін. Ал егер ондай сөмкені алуға тура келсе, скотчпен орап тастаңыз. Ішіндегі заттар ұрланбас үшін кілті бар шамадан алған дұрыс. Тек кодын ұмытып қалмаңыз! Заттарды шамаданға салғанда ең астына, ауыр заттар мен аяқкиімдерді пакетке орап салыңыз. Оның үстіне ихрам, шалбар- көйлекті, оның үстіне жылы киімдерді салу керек. Ал майыспайтын заттарды шығыршықтап ораған дұрыс.

7. Сондай-ақ мына құралдарды да ұмытпаған жөн:
- «ашқышы» мен қысқышы бар бәкі,
- қайшылар ( жүк сөмкесінің қалтасына салыңыз),
- тіс пастасы мен щеткасы ( ихрам кезінде иісі барын қолдануға болмайды),
- кір жуатын ұнтақ ( иісі жоғы ),
- айна- тарақ, сақал алғыш, дәретхана қағазы
- әйелдерге күнделікті қолданатын тазалық ( иіссіз)
- сулы және құрғақ майлықтар ( иіссіз),
- сабын ( иіссіз, арнайы сабынды Меккеден сатып алуға болады), сабын салғыш, мочалка (жөке), сусабын (иіссіз, иісі жоғын тапсаңыз) және т.б. тазалық заттары;
- Құран (қабы бар, қалтаға салуға арналған,) тасбих, шағын жайнамаз, қалам мен жазу кітапшасы, қажылық туралы кітаптар мен дұға жазылған кітапшалар; ( Қасиетті жерге келгенде сізге Құран сыйға тартылады.)
- тәпішке, қолшатыр, күннен қорғайтын көзілдірік, оятқышы бар сағат;
- егер тамақты өзіңіз жасап ішетін болсаңыз, онда өзіңізбен бірге, жолға шыдамды ыдыс- аяқпен электршәйнегін алып алуға болады.

 

Вас интересует хадж или умра?
Собираетесь совершить хадж в 2015 году или только планируете? Свяжитесь с нами, и мы подскажем что для этого требуется и ответим на другие вопросы касающиеся хаджа и умры.
+7 (727) 390-40-40     hickmet.info@gmail.com
Қажылық жаңалықтары
Сауабы қажылықпен тең 5 іс
17 Марта, 2016
Қажылық – әрбір мұсылман өмірінде бір рет атқаруы тиіс бес парыздың бірі. Келесі аталған 5 амалға қажылыққа барғандай сауап жазылады.
Қажылардың жоғалу себептері анықталды
14 Марта, 2016
Сауд Арабиясы «әл-Харам» мешіті мен Мекке қаласының орталық ауданында қажылардың жиі жоғалу себептерін анықтады.
Қажылыққа барғысы келетіндерге денелерін шынықтыруға кеңес берді
14 Марта, 2016
Нигерияның Ондо штатының мұсылман қажыларының қайырымдылық қоры өкілдері қажылық парызын орындағысы келетіндерге алдын-ала дене шынықтыру жаттығуларын жасауға шақырып, ресми үндеу жариялады.
60 жылда Дубай қалай өзгерген
9 Марта, 2016
Бүгінгі таңда Дубай — көк тіреген үйлері бар үлкен мегаполис. Оның сөз жетпес ғимараттары бұлттардан да биік көтерілген! Тарихқа үңілсек Дубай 1833 жылы негізі қаланып, халқының саны 800 адам еді.
Қажылығын еңбектеп өтеген (видео)
22 Февраля, 2016
Видеода қажылық парызын өтеп жүрген мүмкіндігі шектеулі жанның қай елдің тумасы екені немесе оның кім екені турасында ақпарат жоқ.
МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ МУЗЕЙ АШЫЛАДЫ (ФОТО)
15 Февраля, 2016
Қасиетті Мекке шаһарында Ислам дініне арналған ерекше музей ашылатын болады. Харам мешітінен жеті шақырым қашықтықта орналасатын бұл музейдің жалпы аумағы 5600 шаршы метрді құрайды. Музей Ислам дінінің тарихы мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайы баяндайтын болады.
ТУРИЗМ: Мың құбылған мешіттер көз жауын алады (фото, видео)
15 Февраля, 2016
Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында Sharjah Light дәстүрлі фестивалі болып өтті.
Жындар мешіті қайда орналасқан?
15 Февраля, 2016
Жындар мешіті қасиетті Мекке қаласында, дәлірегі, Жаннатүл-Муалла мазарынан «Харам» құлшылық үйіне апаратын жолдың оң жағында орналасқан...
Қағбаның айналасын қалқаламақ
9 Февраля, 2016
Сауд Арабиясының билігі Харам мешітіндегі қасиетті Қағбаның айналасын көлеңкелейтін қалқа құрылысын қолға алуда.
ҚАЖЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ
8 Февраля, 2016
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрдің мәлімдемесіне сүйенсек, қасиетті қос шаһардың қақпасы ирандықтар үшін қайтадан айқара ашылған.
Басқа да жаңалықтар
17 Марта, 2016.  Сауабы қажылықпен тең 5 іс
14 Марта, 2016.  Қажылардың жоғалу себептері анықталды
14 Марта, 2016.  Қажылыққа барғысы келетіндерге денелерін шынықтыруға кеңес берді
9 Марта, 2016.  60 жылда Дубай қалай өзгерген
22 Февраля, 2016.  Қажылығын еңбектеп өтеген (видео)
15 Февраля, 2016.  МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ МУЗЕЙ АШЫЛАДЫ (ФОТО)
15 Февраля, 2016.  ТУРИЗМ: Мың құбылған мешіттер көз жауын алады (фото, видео)
15 Февраля, 2016.  Жындар мешіті қайда орналасқан?
9 Февраля, 2016.  Қағбаның айналасын қалқаламақ
8 Февраля, 2016.  ҚАЖЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ
Медиа
  Біздің қажыларымыздың пікірлері
  Видеоролик о наших услугах
  Сура "Аль-Хадж"
  ХАДЖ 2014 ГОДА (186 фото)
Қажыларға нұсқаулық
Қажыларға нұсқаулық
Көлік пен байланыс
АҚША МЕН САУДА-САТТЫҚ
Шет елге шығушыларға Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігінен жадынама
РУКОВОДСТВО ПАЛОМНИКАМ ОТ МИД САУДОВСКОЙ АРАВИИ

Start typing and press Enter to search