Новости хаджа
Негізгі / Новости хаджа

Сауабы қажылықпен тең 5 іс

17 Марта, 2016, © Хикмет Тревел, mazhab.kz
Қажылық - әрбір мұсылман өмірінде бір рет атқаруы тиіс бес парыздың бірі. Келесі аталған 5 амалға қажылыққа барғандай сауап жазылады:

 

1. Адал ниет. Риуаят бойынша, Қиямет күні әркім өзінің амал дәптерін алады. Cонда дәптердегі қажылық, зекет пен садақа үшін өзіне жазылған сауапты көреді де:
- Бұл менің дәптерім емес, мен бұларды істеген емеспін, - дейді
- Бұл сенің амал дәптерің!
- О, Раббым! Бірақ мен бұл істерді жасамадым ғой.
- Ей, құлым! Бәрін де білемін. Бірақ сен ниеттеніп: «Егер менің қаражатым болса, мешіт салдырар едім, кедей-кепшіктерге көмектесіп, қажылыққа барар едім» - дедің. Сенің ниетің адал әрі дұрыс жолда болды. Сондықтан саған сол ниетің үшін сауап жазылды.

 

2. Үйде дәрет алып, жамағатпен намаз оқу. Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кім дәретін алып, парыз намазын мешітке барып оқыса, оған қажылықтағы ихрамдағыдай сый беріледі. Егер ол дұха намазын оқыса, оған умрадай сауап жазылады» - деген (Әбу Дәут).

3. Нәпіл намазы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім таң намазын жамағатпен мешітте оқып, сосын күн шыққанға дейін зікір айтып, екі рәкат нәпіл намазын оқыса, бір қажылық пен бір умрадай сый беріледі» деген (Тирмизи).

4. Мешітте білім алу немесе білім беру. Тағы бір хадисте: «Егер біреу мешітке білім алуға немесе өзгелерді оқытуға барса, оған қабыл болған қажылықтай сый жазылады» - делінген (Тәбарани).

5. Ата-ананың разылығы.

 

Сахабалардың бірі Алла елшісіне (с.ғ.с.):
- Мен Алла жолында қызмет атқарғым келеді. Бірақ ештеңе істей алар емеспін, - дейді.
Алла елшісі (с.ғ.с.) ол кісіден:
- Әке-шешең бар ма? - деп сұрайды.
Ол:
- Анам бар, - дейді.
Сонда Алла Расулы былай деп жауап береді:
- Онда анаңа қызмет етуден танба. Оның разылығын алуға бар күшіңді сал. Осылайша сен қажылық немесе умрадай сыйға ие боласың».

 

Вас интересует хадж или умра?
Собираетесь совершить хадж в 2015 году или только планируете? Свяжитесь с нами, и мы подскажем что для этого требуется и ответим на другие вопросы касающиеся хаджа и умры.
+7 (727) 390-40-40     hickmet.info@gmail.com
Қажылық жаңалықтары
Қажылардың жоғалу себептері анықталды
14 Марта, 2016
Сауд Арабиясы «әл-Харам» мешіті мен Мекке қаласының орталық ауданында қажылардың жиі жоғалу себептерін анықтады.
Қажылыққа барғысы келетіндерге денелерін шынықтыруға кеңес берді
14 Марта, 2016
Нигерияның Ондо штатының мұсылман қажыларының қайырымдылық қоры өкілдері қажылық парызын орындағысы келетіндерге алдын-ала дене шынықтыру жаттығуларын жасауға шақырып, ресми үндеу жариялады.
60 жылда Дубай қалай өзгерген
9 Марта, 2016
Бүгінгі таңда Дубай — көк тіреген үйлері бар үлкен мегаполис. Оның сөз жетпес ғимараттары бұлттардан да биік көтерілген! Тарихқа үңілсек Дубай 1833 жылы негізі қаланып, халқының саны 800 адам еді.
Қажылығын еңбектеп өтеген (видео)
22 Февраля, 2016
Видеода қажылық парызын өтеп жүрген мүмкіндігі шектеулі жанның қай елдің тумасы екені немесе оның кім екені турасында ақпарат жоқ.
МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ МУЗЕЙ АШЫЛАДЫ (ФОТО)
15 Февраля, 2016
Қасиетті Мекке шаһарында Ислам дініне арналған ерекше музей ашылатын болады. Харам мешітінен жеті шақырым қашықтықта орналасатын бұл музейдің жалпы аумағы 5600 шаршы метрді құрайды. Музей Ислам дінінің тарихы мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайы баяндайтын болады.
ТУРИЗМ: Мың құбылған мешіттер көз жауын алады (фото, видео)
15 Февраля, 2016
Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында Sharjah Light дәстүрлі фестивалі болып өтті.
Жындар мешіті қайда орналасқан?
15 Февраля, 2016
Жындар мешіті қасиетті Мекке қаласында, дәлірегі, Жаннатүл-Муалла мазарынан «Харам» құлшылық үйіне апаратын жолдың оң жағында орналасқан...
Қағбаның айналасын қалқаламақ
9 Февраля, 2016
Сауд Арабиясының билігі Харам мешітіндегі қасиетті Қағбаның айналасын көлеңкелейтін қалқа құрылысын қолға алуда.
ҚАЖЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ
8 Февраля, 2016
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрдің мәлімдемесіне сүйенсек, қасиетті қос шаһардың қақпасы ирандықтар үшін қайтадан айқара ашылған.
Мекке шаһарының ең егде азаншысы қайтыс болды
30 Декабря, 2015
Қасиетті Мекке қаласындағы Қағбаның қарт азаншыларының бірі шейх Мұхаммед Сирадж Мааруф ұзаққа созылған дертінен айыға алмай, өмірден өтті.
Басқа да жаңалықтар
14 Марта, 2016.  Қажылардың жоғалу себептері анықталды
14 Марта, 2016.  Қажылыққа барғысы келетіндерге денелерін шынықтыруға кеңес берді
9 Марта, 2016.  60 жылда Дубай қалай өзгерген
22 Февраля, 2016.  Қажылығын еңбектеп өтеген (видео)
15 Февраля, 2016.  МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ МУЗЕЙ АШЫЛАДЫ (ФОТО)
15 Февраля, 2016.  ТУРИЗМ: Мың құбылған мешіттер көз жауын алады (фото, видео)
15 Февраля, 2016.  Жындар мешіті қайда орналасқан?
9 Февраля, 2016.  Қағбаның айналасын қалқаламақ
8 Февраля, 2016.  ҚАЖЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ
30 Декабря, 2015.  Мекке шаһарының ең егде азаншысы қайтыс болды
Медиа
  Біздің қажыларымыздың пікірлері
  Видеоролик о наших услугах
  Сура "Аль-Хадж"
  ХАДЖ 2014 ГОДА (186 фото)
Қажыларға нұсқаулық
Қажыларға нұсқаулық
Көлік пен байланыс
Өзіңмен бірге не алу қажет?
АҚША МЕН САУДА-САТТЫҚ
Шет елге шығушыларға Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігінен жадынама

Start typing and press Enter to search